Мерзімі өткен қарызды реттеу

Құрметті клиенттер!

«Микроқаржы қызметі туралы» ҚР Заңы 9-2-бабының талаптарына сәйкес қарызды реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар айқындалған. Осыған байланысты, ЖШС » МҚҰ 1 КРЕДИТ» (бұдан әрі – МҚҰ) сізге кредит беру шарттары бөлігінде микрокредит беру туралы шартты өзгерту арқылы, мерзімі өткен берешекті реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

Қайта құрылымдауды ұсыну шарттары:

  1. Қандай құжаттар қажет?

Қайта құрылымдауды алу үшін, микрокредит бойынша сұратылған қайта құрылымдаудың себебін көрсете отырып, сіздің қаржылық жағдайыңыздың нашарлауына әкеп соққан мән-жайларды растайтын құжатты (құжаттарды) қоса бере отырып, еркін нысанда өтініш жіберу қажет;

  1. МҚҰ өтінішті қалай қарайды?

Өтініштер барлық мән-жайларды ескере отырып қаралатын болады. Осыған байланысты сізден қаржылық жағдайыңыздың нашарлағанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдай туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз (құжаттар тізбесі сілтеме бойынша қоса беріледі, қажет болған жағдайда жеке тәртіппен, МҚҰ қызметкері қосымша құжаттарды сұрата алады);

  1. Қалай өтініш беруге болады?

* МҚҰ ресми сайтында электрондық өтініш беру: https://kaz.1kredit.kz/online немесе МҚҰ электрондық поштасына: info@1kredit.kz;

* Өтінішті жақын маңдағы МҚҰ бөлімшесі арқылы жазбаша нысанда беру арқылы (бөлімшелердің мекенжайларына сілтеме);

  1. Өтінішті қарау мерзімі

МҚҰ қарыз алушының өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде микрокредит беру туралы шарттың талаптарына сай өзгерістермен өтінішті қарайды. Қарыз алушы толық емес мәліметтер мен құжаттарды ұсынған кезде, МҚҰ талабы бойынша 5 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

  1. Кейінге қалдыру кезеңінде шарт бойынша сыйақы есептеле ме?

Ұсынылған қайта құрылымдау кезеңінде МҚҰ сыйақы (шарт бойынша номиналды мөлшерлеме негізінде есептелген) есептелетін болады.

МҚҰ сіздің қаржылық жағдайыңыз бен әлеуметтік мәртебеңіздің нашарлау фактісі расталмаған жағдайда, қайта құрылымдаудан бас тартуы мүмкін (ХӘОТ санатындағы азаматтардың тізіміне сілтеме)

  1. Мерзімі өткен қарызды реттеу үшін өтініш беру мәселелері бойынша консультацияны қалай алуға болады?

Қажет болған жағдайда мерзімі өткен қарызды реттеу мәселелері бойынша көбірек кеңес алу үшін клиенттер телефон арқылы кеңес алуына болады:

1) МҚҰ арнайы телефон нөмірі бойынша бөлінген жедел желісі: +7 (727) 222-02-41;

2)МҚҰ бөлімшелерінің жауапты қызметкерлеріне (МҚҰ бөлімшелерінің байланыс нөмірлеріне сілтеме);

Барлық құқықтар сақталған. Сайт AlmatySite.kz жасалған