ХӘОТ азаматтарының санаттарына

— 1 және 2 топтағы мүгедектер;

— мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

— жасы бойынша зейнеткерлер;

— Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

— басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс ардагерлері;

— төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар, немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көп балалы отбасылар;

— толық емес отбасылар;

— мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

— қандастар (оралман);

— экологиялық опат, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

— Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар; жасы бойынша зейнеткерлер.

Барлық құқықтар сақталған. Сайт AlmatySite.kz жасалған