қарыз алушының уақытша еңбекке жарамсыздығы (3 айдан астам мерзімге): (растайтын құжат: еңбекке уақытша жарамсыздық туралы медициналық анықтама, мүгедектік туралы анықтама және т. б.);
жұмыс орнында қысқарту туралы хабарлама алу: (растайтын құжат: жұмыс берушінің қызметкерді қысқарту туралы хабарламасы);
қарыз алушының бала күтімі бойынша демалысқа шығуы: (растайтын құжат: жұмыс орнынан анықтама немесе қарыз алушының декреттік демалысқа шығуы туралы медициналық анықтама);
қарыз алушыны жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеу: (растайтын құжат: халықты жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретінде есепке қою туралы анықтама);
қарыз алушының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі (қарыз алушы ХӘОТ* санатына жатқызылуы), сондай-ақ орташа айлық табыстың төмендеуіне әсер еткен, бірге тұратын жақын туысының (жұбайының) ХӘОТ мәртебесін алуы: (растайтын құжат: қарыз алушының халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылғанын растайтын мемлекеттік органдардан анықтама);
қарыз алушыны шұғыл әскери қызметке шақыру: (растайтын құжат: әскери қызметке шақыру туралы хабарлама);
қарыз алушының жақын туыстары ұзақ мерзімде ауруына, не қайтыс болуына байланысты отбасылық мән-жайлар: (растайтын құжат: қарыз алушының немесе туысының ауруын растайтын медициналық анықтама, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі);
қарыз алушыға материалдық залал келтірген күтпеген жағдайлар (ұрлық, өрт және т.б.): (растайтын құжат: қарыз алушыға материалдық залал келтіру фактісін растайтын мемлекеттік органдардың анықтамалары);
қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауының басқа себептері бойынша.